Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

20 Сәуір 2024, 10:22
582
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Фото: видеодан кадр

Қазақстан бойынша желдің күшейюі күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады, - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазақстан бойынша желдің күшейюі күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы