Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі мерекелер тізімі тағы да үш атаулы күнмен толықты. Тиісті құжат ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, деп хабарлады BNews.kz.
3 шілде күні үкіметтің №467 қаулысымен арнайы бекітілген атаулы күндер тізіміне 3 атаулы күн қосылды:
15 ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған күні;
29 тамыз – Семей полигонының жабылған күні;
1 қазан – қарттар күні.
Қаулы заңды күшіне енді.