Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылғанына 29 жыл толуын атап өтуде

2 Сәуір 2022, 18:26
2444
Бөлісу:
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылғанына 29 жыл толуын атап өтуде
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші сәуір – қазақстандық әскери теңізшілер үшін ерекше күн. Бұл күні 1993 жылы Мемлекет басшысы Әскери-теңіз күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 

Бұл туралы Қорғаныс минстрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторында мемлекетке қол сұғушылықты болдырмауды және аумақтық тұтастығын, егемендігі мен экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі ауқымды міндеттерді орындайды. 

Әскери теңізшілер теңізде жүзудің навигациялық-гидрографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайлар министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік органдардың табиғат қорғау және бақылау функцияларын жүзеге асыруы кезінде көмек көрсетеді. 

Корабльдердің экипаждары Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де әскери оқу-жаттығуларға қатысады. 

Әскери-теңіз күштерінде отандық және шетелдік өндірістің заманауи кемелері бар. 

Офицерлер Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия және Оңтүстік Кореяның жетекші әскери оқу орындарында білім алуда. 

Ақтау қаласында Әскери-теңіз күштерінің оқу орталығы жұмыс істейді. 

Теңізде қызмет ету тек батыл және табанды адамдарға, жауынгерлік дағдының, әскери достықтың және қатаң тәртіптің құндылығын білетіндерге арналған. Бұл қасиеттер әскери теңізшілерге Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша аса күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы