Қазақстанның Антикор басшысы Литва Республикасының елшісімен кездесті

9 Шілде 2024, 14:09
413
Бөлісу:
Қазақстанның Антикор басшысы Литва Республикасының елшісімен кездесті
PHOTO
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағалидің Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісі Эгидиус Навикаспен екіжақты кездесуі барысында екі елдің жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы өзара ынтымақтастығы мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өз сөзінде Асхат Жұмағали литвалық әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформалармен, Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырумен, мемлекеттік қызметтерді цифрландырумен, заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі шаралармен және Қазақстанда инвесторларды қорғау мәселелерімен таныстырды.

Қазақстанның Антикор басшысы Литва Республикасының елшісімен кездесті

Литваның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесін зерделеуге және пайдалануға, сондай-ақ осы саладағы бірлескен жобалар мен елдеріміздің елшіліктерінің ведомствоаралық және мемлекетаралық деңгейлерде жәрдемдесуіне қызығушылық білдірілді.

Литва Республикасының Елшісі Қазақстан қабылдап жатқан реформалардың, оның ішінде жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі жүйелі және кешенді шаралардың маңыздылығын атап өтіп, консультациялық-практикалық тәжірибе алмасуды белгілеуді ұсынды.

Қазақстанның Антикор басшысы Литва Республикасының елшісімен кездесті

Сонымен қатар Эгидиус Навикас екі елдің жемқорлыққа қарсы ведомстволары, атап айтқанда, Литва Республикасының Арнайы тергеу қызметі арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту перспективаларына сенім білдірді.

Қазақстанның Антикор басшысы Литва Республикасының елшісімен кездесті

Тараптар жемқорлыққа қарсы бірлескен жобалар мен бастамаларға өзара қызығушылық танытты.

Өзгелердің жаңалығы