Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі

15 Наурыз 2023, 14:52
973
Бөлісу:
Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі
Фото: BAQ.KZ

Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік кодекс жобасында біріншіден мемлекеттік-әлеуметтік қолдау жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгерту ұсынылып отыр. Яғни ол әлеуметтік сын-қатерлердің салдарын жоюға емес, керісінше өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға көбірек бағытталады. Екіншіден, әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету және оның арқасында әлеуметтік қолдауды бүгінгі өтініш беру нысанынан адресті анықтау және проактивті форматта көрсету жүйесіне көшіру қарастырылған, - деді министр.

Сонымен қатар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, жұмыс берушіге және азаматтың өзіне де жүктеледі. Бұл жаңа әлеуметтік келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту нәтижелі және формалды жұмыспен қамтуды ынталандыруды көздейді. Осы бағыттардың заңды базасын қалыптастыру үшін халықаралық тәжірибе мұқият зерделеніп, Еуроодақтың Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынды, - деп түсіндірді Еңбекмині басшысы Сенаттың жалпы отырысында.

Өзінше, құжатты қарағанда еліміздің ерекшеліктері ескерілген.

Өзгелердің жаңалығы