Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысаны бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштер тізімінде 265 ескерткіш болса, жергілікті маңызы бар 12 мыңнан аса тарих және мәдени ескерткіш тіркелді. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде еліміздің 10 тарих және мәдени ескерткіші бар.
Ведомство басшының айтуынша, министрлік материалдық емес мәдени мұра элементтерінің Ұлттық тізімін қайта зерделеп, бұған дейінгі 45 элементтің санын 79 элементке дейін арттырды.
Қазіргі таңда Қазақстанның атынан Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне 14 элемент енгізілген.
Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл бағытта мемлекеттік органдармен, халықаралық қауымдастықтармен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді, – деді ол.
Оқи отырыңыз: