Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстаннан Түрікменстанға бруцеллез ет жеткізілгені рас па? – министрлік жауап берді

17 Тамыз 2025, 22:24
437
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған "Қазақстаннан Түрікменстанға бруцеллезге шалдыққан ет жеткізілді" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның ресми мәліметіне сәйкес, биыл Қазақстаннан Түрікменстанға ет өнімдері экспортталмаған.

Ақмола облысынан бруцеллез ет жеткізілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұқаралық ақпарат құралдарын материал әзірлеу барысында тек уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми деректеріне сүйенуге шақырамыз, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл ақпаратты алғаш "Түркіменстан шежіресі" басылымы жариялаған еді. Материалда 26 және 29 маусымда Ақмола облысынан Түрікменстанға мұздатылған ет партиялары жеткізілді деген дерек келтіріліп, шілденің бірінші жартысында жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде бруцеллез анықталғаны айтылған.

Алайда Қазақстанның ресми органдары бұл мәліметті толықтай жоққа шығарып отыр.

Өзгелердің жаңалығы