Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстаннан Өзбекстанға бензин экспорты жүзеге асырылмайды – Энергетика министрлігі

23 Қыркүйек 2025, 06:35
471
Бөлісу:

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан бензинін Өзбекстан сатып алып жатыр деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның дерегінше, бүгінгі күні Қазақстаннан Өзбекстанға да, басқа елдерге де бензин экспорты жүзеге асырылмайды. Ел аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынған, ал Үкімет заңсыз әкетудің және контрабанданың алдын алу бойынша арнайы жоспарды іске асыруда.

Министрлік түсіндіргендей, БАҚ-та тараған ақпарат биыл көктемде қабылданған уақытша шараға қатысты. Сәуір–мамыр айларында ішкі нарықтағы жанармай қоры жеткілікті болғандықтан, АИ-92 маркалы бензиннің артығын бір жолғы экспорттауға рұқсат берілген. Бұл қоймаларды оңтайландыруға және бюджетке қосымша түсімдер әкелуге бағытталған шара болған.

Алайда маусым айынан бастап, МӨЗ-дердегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына дайындық аясында стратегиялық қор жинақтау үшін экспорт толық тоқтатылған.

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік реттеу мен экспортқа тыйым салу ішкі нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жаздың басына қарай АИ-92 бензині қоры 70%-ға, дизель отыны қоры 78%-ға артқан.

Қазір елде мұнай өнімдері қоры жеткілікті, ішкі нарық толық қамтамасыз етілуде.

Өзгелердің жаңалығы