Қазақстанға Қытайдан келетін туристер саны өскен

Кеше, 09:32
253
Бөлісу:
Қазақстанға Қытайдан келетін туристер саны өскен
Фото: Архив BAQ.KZ

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылы Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанға барлығы 655 мың шетел азаматы келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп.

Сондай-ақ туризм жылы аясында ҚХР-мен өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.

1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар ірі қытайлық БАҚ және әлеуметтік желілер Қазақстан туралы хабарламалар таратты. Бұл елдің туристік бағыт ретінде танылуын едәуір арттыруға мүмкіндік берді, - деді туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Сондай-ақ Қазақстан мен Қытайда автотуризмнің танымалдығы артып келеді. 2024 жылы осы бағытты дамытуға арналған бірнеше халықаралық іс-шара өткізілді.

"Жібек жолы" автошеруі, Жібек жолы бойынша мототур және "Paris-Peking Motor Challenge" халықаралық іс-шарасы Қазақстанның автотуристер үшін тартымды ел ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етті, - деді Кәріпбаев.

Ал Астана, Бейжің, Алматы, Үрімші және Гонконгта 300-ден астам екіжақты кездесу өткізілді. Алматы қытайлық туристер үшін Қазақстандағы ең танымал дестинацияға айналды.

Астана Бейжіңдегі роуд-шоу аясында іскерлік және медициналық туризм үшін жаңа бағыт ретінде таныстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жарияланды. Ал енді, керісінше, 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы