Қазақстанға Президент институты қажет – Сайыров

18 Маусым 2022, 12:00
1276
Бөлісу:
Қазақстанға Президент институты қажет – Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға Президент институты қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров facebook-тегі парақшасында жазды. 

Біздің географиялық орнымыз өте күрделі.Сондықтан, күшті Президент институты мен унитарлық форма ауадай керек.Осы ретте, Президенттің өзі көкірегі биік, кіршіксіз тұлға бола тұра, интеллектуалдық деңгейі өте жоғары болуы тиіс.Материалдық "қоқыр-соқырды" елемейтін адам болуы керек.Осы формуланы біз бұрыннан айтып келеміз.Мемлекет басшысының ең басты миссиясы мына қым-қиғашы мол, шұғыл бұрылыстары көп заманда елі мен жерін, халқы мен ұлтын аман-есен, "тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай" алып жүру, - деді Сайыров. 

Ол атағандай, Президент институтының ең басты құндылығы осы.

Салмақты, салиқалы, парасатты жолды таңдау өте қиын.Бірақ ол жолдан басқа амал жоқ.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәрменді түрде елімізді, халқымызды сол өте күрделі, қиямет қиын заманда аман-есен алып келеді.Ішкі саясатта да жылдам, шапшаң реформалар жасалып жатыр.Оны бүкіл халық көріп, қолдап отыр.Дегенмен сыртқы саясаттың бүгінгі заманда ролі ерекше.Дипломатиялық қасиет пен халқыңның мұң-мүддесін терең сезіну қасиеттері тең болуы тиіс.Президент Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы басшысының орынбасары болғандығы өте маңызды, - деді ол. 

Депутат айтқандай, ол кісі тек дипломатияның ішкі кухнясын ғана білмейді, халықаралық дәрежеде жоғары индульгенциясы бар.

Сөздің мәні мен мазмұнын, оның жойқын қасиетін де біледі.Дипломатияда саясатшының бір сөзі халықтың қауіпсіздік дәрежесіне әсер ететіндігі анық.Әр-бір "еті қазақ" азамат, еліміздің болашағы үшін алаңдайтындығы анық.Сондықтан қауым, ел болып баршамыздың саяси мәдениет дәрежемізді өсіру өте маңызды.Демократия, плюрализм, халықтық билік жоғары дәрежедегі саяси мәдениетті талап етеді.Бұл маған да, барлығымыздың дос-жаран, көрші-қолаң, туған - -туысқа қатысты мәселе.Қазақстанның қауіпсіздік дәрежесін арттыра отырып, ел мен жұрттың мүддесін қорғап отыру өте терең білім мен дипломатиялық тәжірибені талап етеді, - деді Сайыров. 

Ол атағандай, Қазақстанның қауіпсіздік дәрежесін арттыру үшін ішкі демократия, плюрализм, халықтық билік әсірелік, төзімсіздік, эстремизмнен жоғары тұруы керек.

Бүгінгі күннің басты міндеті осы тәрізді.Президенттік институт, пәрмені жоғары Парламент, ролі биік жергілікті өкілетті органдардың балансы жоғары саяси мәдениеттен басталары анық, - дейді ол. 

Өзгелердің жаңалығы