Қазақстанға көктемгі жылу қашан келеді – синоптиктер нақты күндерді атады

Синоптиктердің мәліметінше, ел өңірлерінде көктемгі жылу наурыз айының ортасынан бастап сезіле бастайды.

 freepik.com Кеше 2026, 15:48
Кеше 2026, 15:48
986
Фото: freepik.com

Қазақстанда көктемгі жылу наурыздың ортасынан бастап сезіле бастайды. Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қашан жылынатынын айтып, алдағы күндерге болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана

Синоптиктердің болжамынша, елордада алғашқы жылы күн 14 наурызда күтіледі.

14-15 наурыз күндері ауа райы құбылмалы бұлтты болады, түнде аздаған қар мен жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр соғады. Түнде ауа температурасы -2…-4°С, күндіз 0…+2°С болады.

16-17 наурызда Астанада жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Таңертең және түнде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде -3…-5°С, күндіз +1…+3°С.

18-20 наурызда да жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде -5…-7°С, күндіз -1…+1°С.

Алматы

Алматыда ауа райының жылынуы 13 наурыздан басталады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде -6…-8°С, күндіз 0…+2°С.

14 наурызда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел шығыстан 8-13 м/с. Түнде -5…-7°С, күндіз 0…+2°С.

15 наурызда түнде -3…-5°С, күндіз +2…+4°С болады.

16 наурызда түнде -1…-3°С, күндіз +3…+5°С.

17 наурызда күндізгі температура +4…+6°С-қа дейін көтеріледі.

18 наурызда түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С болады.

19-20 наурызда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде 0…+2°С, күндіз +10…+12°С.

Шымкент

Шымкентте ауа температурасы нөлден жоғары 12 наурыздан бастап көтеріледі.

Бұл күні құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнде -9…-11°С, күндіз +2…+4°С.

13 наурызда күндізгі температура +6…+8°С болады.
14 наурызда ауа +8…+10°С-қа дейін жылынады.
15 наурызда күндіз +10…+12°С.
16 наурызда +13…+15°С.
17 наурызда +15…+17°С дейін көтеріледі.

18 наурызда жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Күндіз +16…+18°С.

19-20 наурызда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Түнде +1…+3°С, күндіз +13…+15°С.

Өңірлерде күн қашан жылынады?

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның көптеген өңірлерінде негізгі жылыну 15-16 наурыздан бастап байқалады.

Ал 17-20 наурыз аралығында елдің басым бөлігінде күндізгі температура тұрақты түрде нөлден жоғары болып, көктемгі жылы ауа райы қалыптаса бастайды.

Еске салсақ, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 12 наурызда елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын хабарлаған еді.

Наверх