2023 жылғы қаңтар-маусымда былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда елде тұруға ықтиярхат алғандар саны 13 652 адамды құрап, Қазақстанға келгендердің саны 87,3%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірінші жартыжылдықта елден кеткендер саны 6 996 адам болса, өткен жылдың алты айымен салыстырғанда ол 56,7% азайған. Нәтижесінде көші-қон сальдосы оң нәтиже көрсетті – 6 656 адам.