Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанға Италия премьер-министрі келді

29 Мамыр 2025, 22:05
608
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Елімізге Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді әуежайдан қарсы алды.

Мелони 26-27 сәуір күндері Қазақстанға президент Тоқаевтың шақыруымен келуі тиіс болған. Тараптар қазақ-итальян стратегиялық әріптестігін дамытудың келешегін талқылауды жоспарлаған еді.

Алайда Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты Италия тарапының сапары және «Орталық Азия – Италия» алғашқы саммиті кейінге шегерілді.

Өзгелердің жаңалығы