Қазақстанда экстракорпоралді ұрықтандыру процедурасы шетелдіктер арасында танымал бола бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте өтіп жатқан баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Айтуынша, жыл басынан бері елімізге 80 мыңнан астам шетелдік медициналық қызмет алу үшін жүгінген.
Жыл басынан бері 80 мыңнан астам шетелдік Қазақстанның медициналық қызметтеріне жүгінді. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары. Яғни біз кейбір бағыттар бойынша халықаралық деңгейге жеттік деп айтуға болады. Оның ішінде, мысалы, кардиохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық, онкологиялық қызметтердің негізгі сапасы мен бағасы шетелден келген азаматтарға қолайлы болған. Сонымен қатар ЭКҰ мәселесі де үлкен сұранысқа ие болып отыр, - деді Ақамарал Әлназарова.
Еске салайық, бұған дейін министр Қостанай облысында хирургиялық операция кезінде көз жұмған науқас өліміне қатысты пікір білдірді.