2025 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан экспорты 9,2%-ға азайып, 29,8 млрд долларға жетті. Алайда бірқатар тауар бойынша жеткізілім айтарлықтай артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылы экспорт көлемі күрт артқан тауарлар қандай?
Бидай – 53,4%-ға немесе 425 млн-нан 652,2 млн долларға дейін өсті;
Табиғи газ – 40,6%-ға немесе 369,2 млн-нан 519 млн долларға дейін;
Күнбағыс майы – 71,7%-ға немесе 166,6 млн-нан 286,1 млн долларға дейін;
Жануарларға арналған азық өнімдері – 2,6 есе артып, 74,5 млн-нан 193,6 млн долларға дейін;
Арпа – 2,6 есе, 65,3 млн-нан 168,9 млн долларға дейін көбейді.
Қазақстанның негізгі экспорттың тауарлары және олардың үлесі:
Шикі мұнай – 15,7 млрд доллар (52,9%);
Мыс және мыс катодтары – 1,5 млрд доллар (4,9%);
Мыс концентраттары – 1,1 млрд доллар (3,7%);
Ферроқорытпалар – 911,8 млн доллар (3,1%);
Уран – 786,9 млн доллар (2,6%);
Бидай – 652,2 млн доллар (2,2%);
Табиғи газ – 519 млн доллар (1,7%);
Мұнай өнімдері – 366 млн доллар (1,2%);
Болат прокаты – 292,8 млн доллар (0,98%);
Күнбағыс майы – 286,1 млн доллар (0,96%).
Сауда министрлігі өңделген өнімдер экспортының да артып келе жатқанын айтады.
Экспортты әртараптандыру аясында өңделген өнімдерге де сұраныс байқалады. Атап айтқанда:
Мыс және мыс катодтары – 1,5 млрд доллар (14,2%);
Ферросплавтар – 911,8 млн доллар (8,9%);
Уран – 786,9 млн доллар (7,7%);
Мұнай өнімдері – 366 млн доллар (3,6%);
Болат прокаты – 292,8 млн доллар (2,9%);
Күнбағыс майы – 286,1 млн доллар (2,8%);
Өңделмеген мырыш – 254 млн доллар (2,5%);
Өңделмеген алюминий – 237,9 млн доллар (2,3%);
Күміс – 218,6 млн доллар (2,1%);
Алтын (өңделмеген, жартылай өңделген және ұнтақ түрінде) – 213,8 млн доллар (2,1%).
Еске салайық, 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен.
АҚШ президенті Дональд Трамптың 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық импортқа 25% бірыңғай баж салығын енгізу туралы шешімі Қазақстан экспортына қалай әсер етуі мүмкін? QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыр түсіндірген еді.
Сондай-ақ Қазақстан Ауғанстан нарығына неге қызығушылық танытып отырғанын түсіндірген едік.