Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 7361 турист қайтарылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7361 турист қайтарылды. 17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Тайландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист елге оралады, деп күтілуде, - делінген хабарламада.
Министрліктің ақпараты бойынша, осы жылдың 19 қаңтарына дейін барлық турист Қазақстанға оралады.
Шетелдегі барлық туристерге рейстердің ауысатыны туралы хабарланды. Туроператорлар өздерінің есебінен, Қазақстанның елшіліктері арқасында туристтерді шет елдік қонақүйлерде орналастыруды қамтамасыз етті. Қазақстанға келетін туристерді тасымалдау және орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шаралар «Туристік Қамқор» КҚ күшімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды, - деп жазылған ақпаратта.