Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағынан тіс емдеуге қаржы алуға тыйым салынады

16 Қыркүйек 2025, 11:17
667
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында жаңа бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатта біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЖЗТ) стоматологиялық қызметтерге пайдалану құқығын толық алып тастау ұсынылған. Құжат қазір көпшілік талқылауына шығарылды.

Егер бұл бұйрық қабылданса, қазақстандықтар енді зейнетақы жинағынан тіс протездеу мен имплантацияға қаражат пайдалана алмайды.

Бұған дейін бұл шектеу уақытша ғана – 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін күшінде болады делінген еді. Алайда енді ол тұрақты ереже ретінде енгізілмек.

Бұған дейінгі жағдай

Жуырда "Отбасы банк" тіс емдеу қызметіне өтініш қабылдауды уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Банк мұны қаржының мақсатсыз жұмсалуы және құжаттардың жаппай жалған жасалуымен түсіндірді.

Агенттіктің қаржылық мониторинг дерегінше, 2021 жылдан 2025 жылдың тамызына дейін 200 миллиард теңгеден астам қаржы түрлі жалған стоматологиялар арқылы қолма-қол ақшаға айналуы мүмкін болған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинағын тіс емдету үшін пайдалану тоқтатылатынын хабарлаған едік. 

Өзгелердің жаңалығы