Қазақстандықтарға қосымша үш күн демалыс беріледі

Депутаттың сөзінше, скринингтен өту үшін берілетін демалыс тиімді пайдаланылмай отыр.

 ©BAQ.KZ архиві/Арайлым Алтайқызы Бүгiн 2026, 14:55
Бүгiн 2026, 14:55
237
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арайлым Алтайқызы

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов азаматтардың медициналық скринингтен өтуіне қатысты қолданыстағы тетіктердің толық іске аспай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі заңнамада скринингтен өту үшін қызметкерлерге 3 күнге дейін арнайы демалыс алу мүмкіндігі қарастырылған. Алайда бұл құқық іс жүзінде кеңінен қолданылмай отыр.

Депутат көптеген азамат мұндай мүмкіндік бар екенін де, скринингтен өту мерзімдері туралы да хабарсыз екенін атап өтті. Соның салдарынан халықтың едәуір бөлігі, әсіресе онкологиялық тексерулерден өтпейді.

Осы мәселелерді ескере отырып, Мәжіліс депутаты Еңбек кодексіне бірқатар түзетулер ұсынғанын жеткізді. Атап айтқанда, жұмыс берушілер қызметкерлердің скринингтен өтуіне жағдай жасауға міндеттелуі тиіс.

Кадр қызметтері бұл процесті жүйелі түрде ұйымдастырып, қызметкерлерге қажетті қолдау көрсетуі қажет, - деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, депутат Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі скринингтен өтетін азаматтардың тізімін кадрлық ақпараттық жүйелермен біріктіруді ұсынды. Бұл арқылы азаматтарға eGov порталы немесе SMS арқылы автоматты хабарламалар жіберу мүмкіндігі қарастырылмақ.

Аймағамбетовтің пікірінше, бұл шаралар халықтың профилактикалық тексерулерге қатысу деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Наверх