Қазақстандықтардың отшашуға деген сұранысы өсті

26 Желтоқсан 2023, 19:51
576
Бөлісу:
Қазақстандықтардың отшашуға деген сұранысы өсті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Қазіргі таңда мерекені отшашусыз елестету қиын. Мандарин, шырша мен «оливье» салатымен қатар отшашу Жаңа жылдың тағы бір ажырамас атрибуттары болып табылады, ол керемет мерекелік атмосфера сыйлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда әркім өзін және жақындарын Жаңа жылда, туған күніне немесе басқа да керемет мерекеде жарқын, түрлі-түсті отшашулармен қуанта алады. Дегенмен, қауіпсіздік техникасы туралы ұмытпаған жон.

Ежелден отшашуларды пайдалану сұранысқа ие болған.

Отшашулар – жану арқылы жасалатын түрлі түстегі және пішіндегі сәндік оттар. Олар XII ғасырда Қытайда ойлап табылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге тұрмыстық пиротехникалық заттардың импорты бойынша қызықты статистикамен бөлісті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында елімізге жалпы салмағы 231,1 тонна құны 663,9 мың АҚШ долларын құрайтын отшашулар импортталған (петардалар, фонтандар, отшашу батареялары, бенгаль оттары, түрлі-түсті түтіндер, жер үсті отшашулары және басқа да тұрмыстық пиротехникалық заттар), негізгі импорттаушы - Қытай.

Германиядан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан жалпы салмағы 0,1 тонна, құны 17,6 мың АҚШ долларын құрайтын отшашуды аз мөлшерде әкелген.

2022 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы елге құны 215,0 мың АҚШ долларына, 71,8 тоннаға көп пиротехникалық заттар импортталған.

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға жалпы салмағы 159,4 тонна, құны 448,9 мың АҚШ доллары болатын отшашулар жеткізілді.

2022 жылы, сондай-ақ 2023 жылы негізгі жеткізуші Қытай, аз мөлшерде Германиядан, Грузиядан, Кипрден, Норвегиядан, АҚШ-тан, Черногориядан және Чехиядан импортталған.

Ескертпе: материалдың негізі ретінде Қазақстан Республикасының үшінші елдермен (ЕАЭО құрамына кірмейтін) кедендік статистикасы, декларацияланған кедендік құн негізінде сома, салмағы – нетто пайдаланылды.

Өзгелердің жаңалығы