Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы ₸20,9 млрд құрады

24 Тамыз 2024, 06:23
511
Бөлісу:
Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы ₸20,9 млрд құрады
Фото: baq.kz

Елде көлік салығын төлемей жүрген 390 мың азаматтың жалпы берешегі шамамен 21 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір ғана Астана қаласы бойынша 28 мың тұрғынның қарыз көлемі 2 млрд теңгеден асып отыр. Оның ішінде Алматы ауданында салық төлеуден жалтарып жүргендердің саны 10 мыңға жуықтайды. Олардың берешегі 836 млн теңге. Бұл туралы жергілікті Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері хабарлады. Олар бүгінде қалалық полиция департаментімен және жеке сот орындаушылармен бірлесіп, елорда көшелерінде арнайы рейд өткізіп жатыр.

Айта кеткен жөн, өткен 2023 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанға дейін жалғасады.

Осы рейдтік шаралар кезінде борышкерлер ұсталған жағдайда олардың қарызы өтелмегені анықталса, көлігі жеке сот орындаушылардың қаулысы бойынша айыппұл тұрағына қойылады. Салық төлеушілер қарызын толық өтегеннен кейін өз көлігін айыппұл тұрағынан ала алады, - дейді Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Әсел Оқанова.

Өзгелердің жаңалығы