Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды

9 Ақпан 2023, 09:38
1289
Бөлісу:
Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды
Фото: СІМ

Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен  8 ақпанда Газиантеп қаласына жетті, - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды. 

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

Өзгелердің жаңалығы