Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы күндері сарапшылар өткізген әлеуметтік сауалнамалар конституциялық түзетулер бойынша референдум идеясын қазақстандықтардың қолдауы артқанын көрсетеді.
Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 78,52%-ы референдум биылғы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі, ал қазақстандықтардың 72,01%-ы референдум өткізу идеясын қолдайды.
Бұл ретте қазақстандықтардың шамамен 68,92%-ы дауыс беруге баруды жоспарлап отыр. Өз таңдауын әлі айқындамағандар – 21,79%.
Референдум туралы хабардар болу көрсеткіштері 7%-ға, келу ниетінің көрсеткіштері 2%-дан астам өсті. Әлеуметтік зерттеуді 17-19 мамырда Президенn жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі онлайн-сауалнама әдісімен жүргізілді.
Іріктемеге 18 жасқа толған және одан асқан 4000 респондент алынды. Сауалнама орындары ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және елдің 14 облысы таңдалды.