Қазақстандықтардың 43% өз саласынан кетуге дайын

27 Шілде 2023, 15:02
640
Бөлісу:
Қазақстандықтардың 43% өз саласынан кетуге дайын
Фото: Артём Чурсинов -архив

HeadHunter сайтына жүргізілген зерттеудің нәтижесі қазақстандықтардың жартысына жуығы басқа салада еңбек еткісі келетінін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жұмыс берушілер талаптарына сәйкес келетін адамды табу үшін платформаның көмегіне жүгінеді. 

Сауалнама 3 шілде мен 23 шілде аралығында өтті. Оған сайтқа түйіндеме жіберген 875 жұмыс іздеуші қатысты. 
Олардың 10%-ға жуығы өз мамандығына көңілі толмайды. Ал жартысына жуығы қазіргі қызметін сұранысқа ие жұмысқа ауыстыруға ниетті.  

Оған бірнеше себеп бар:

жалақының көптігі;
жұмысқа орналасу мүмкіндігінің жоғары болуы;
тиімді жұмыс кестесі;
жұмыс орнының тұрақты болуы;

Сұранысы жоғары мамандықтар тізімі келесідей:

кондитер;
тігінші;
наубайшы;
аспаз;
механикалық инженер;
электрик;
автомеханик;
ағаш ұстасы;
жүргізуші.

Сауалнамаға қатысқандардың 57% жұмыс орнын ауыстыруға дайын болмай шықты.

Негізгі себептері мынадай:

жалақының төмендеуінен қорқу;
жаңа мамандықты игеруге деген құлшыныстың жоқтығы;
қазіргі қызметі бойынша өз жоспарының болуы;

Назерке Өтеген 

Өзгелердің жаңалығы