Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыратын агенттіктер қызметі реттелмек

Олжас Бектенов қазақстандықтарды шетелде Жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктер лицензия бойынша жұмыс істеуі керегін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Үкімет баспасөз қызметі 22 Шілде 2025 2025, 12:35
22 Шілде 2025 2025, 12:35
624
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Олжас Бектенов қазақстандықтарды шетелде Жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктер лицензия бойынша жұмыс істеуі керегін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктердің қызметін реттеу мәселесіне Үкімет отырысында назар аударылды. 

Премьер-министр мұндай жеке агенттіктердің қызметін қадағалау тетіктерінің жоқтығына баса назар салды. Олардың жауапкершілік параметрлері белгіленбегенін айтты.

Жыл соңына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін лицензиялау бөлігінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленуі қажет, - деді Олжас Бектенов.

Наверх