Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады

Бөлісу:
Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады
Фото: pixabay.com

2024 жылдың аяқталуына 2 айдан аса уақыт қалды. Желтоқсанда отандастарымыз мерекеге орай бірнеше күн демалыс болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

16 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады. 2024 жылы мереке дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан отандастарымыз қатарынан үш күн демалыс алады.

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады

Демалыс күнінің кестесі мынадай:

14 желтоқсан, сенбі: алты күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күндік жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;

15 желтоқсан, жексенбі: демалыс күні;

16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні. Бұл күні барлығы демалады.

Ал 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болады. 2025 жылдың қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтарда демалады. Ал 3 қаңтар жұмыс күні.

Еске сала кетейік, қазан айында еліміз 25 қазан Республика күніне орай демалады. 

Өзгелердің жаңалығы