Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 4,47 триллион теңге алған

Бүгiн, 13:01
291
Бөлісу:
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан  4,47 триллион теңге алған
Фото: Арман Мухатов - Архив

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 22,4 трлн теңгені құрап, 2024 жылы 4,6 трлн теңгеге немесе 26%-ға ұлғайған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БЖЗҚ салымшыларына өз зейнетақы жинағының жеткілікті шегінен асатын бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану құқығы берілді. Бұл қаражатты қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу, емделу, тіс емдету, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға беру мақсатында қолдануға мүмкіндік болды.

2021 жылдың ақпан айынан бастап салымшылардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алған қаражат көлемі шамамен 4,4 трлн теңгені құрады. Оның негізгі бөлігі – 85%-ға жуығы тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсалды. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша теңгедегі портфельдің көлемі 13,4 трлн теңгені немесе БЖЗҚ зейнетақы активтерінің шамамен 60%-ын құрады. Теңгелік портфель құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздары – шамамен 70%, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялары шамамен – 15%, екінші деңгейлі банктердің облигациялары – 7%. Мемлекеттік бағалы қағаздары – елдің бағалы қағаздар нарығындағы ең сенімді әрі өтімді қаржы құралы саналады,-деді Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

Оның айтуынша, БЖЗҚ зейнетақы активтерін жергілікті нарықта инвестициялау тұрақты инвестициялық табыс алуға ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да ықпал етеді.

2025 жылы жергілікті нарықта зейнетақы активтерін нарық талаптарына сай инвестициялау жалғасады. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздарын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигацияларын, екінші деңгейлі банктердің облигацияларын және басқа да бағыттарды қамтиды. Маңыздысы БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау эмитенттерге және олардың қаражатты пайдалану мақсатына қарамастан тек нарықтық ставкалармен жүзеге асады,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы