Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді

24 Наурыз 2025, 11:04
720
Бөлісу:
Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
Фото: elements.envato.com

Еуропалық Одақ (ЕО) Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын алу рәсімін жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЕО мен Қазақстан билігінің өкілдері визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастауға дайын екендіктерін растады. Бұл келіссөздер қазақстандықтарға Шенген визасын алу процесін жеңілдетуге бағытталған.

Біз виза режимін жеңілдету туралы келісім бойынша көп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл дегеніміз, қазақстандықтар әлі де Еуропаға виза алуы қажет болады, бірақ оны рәсімдеу процесі жеңілдетіледі. Бұл біраз уақыт алады, бірақ биыл осы келісім бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отырмыз. Егер солай болса, болашақта виза алу оңайырақ болады, - деді Алешка Симкич.

Бұл бастама Қазақстан мен Еуропа арасындағы іскерлік, білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу рәсімінің жеңілдеуі олардың Еуропа елдеріне сапарларын жеңілдетіп, ынтымақтастықты арттырады.

Өзгелердің жаңалығы