Қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайтын болды

7 Маусым 2024, 13:21
5341
Бөлісу:
Қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайтын болды
Фото: rsute.ru/

Қазақстандықтар Құрбан айттың бірінші күнінде демалмайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚМДБ-ның мәлімдеуінше, Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады, - делінген хабарламада.

Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді.

Өзгелердің жаңалығы