Қазақстандықтар қосымша демалыс күнге ие болады

14 Сәуір 2025, 16:13
1293
Бөлісу:
Қазақстандықтар қосымша демалыс күнге ие болады
Фото: pixabay.com

Көктемнің соңғы айы қазақстандықтарды көптеген демалыс және мереке лік күндер кестесімен қуантады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы мамыр айы бірден бірнеше қосымша демалыс күндерін сыйлайды. 

Мамыр айында қазақстандықтарды қандай мерекелер күтіп тұр

Мамырда Қазақстанда үш мемлекеттік мереке аталып өтеді:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (бейсенбі);

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (сәрсенбі);

9 мамыр – Жеңіс күні (жұма).

Бұл мерекелер аптаның жұмыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, стандартты демалыс күндеріне қосымша демалыс күндері қосылады.

1 мамыр 2025 жылы қалай демаламыз

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:

28, 29, 30 сәуір – жұмыс күндері;

1 мамыр (бейсенбі) – демалыс;

2 мамыр (жұма) – жұмыс күні;

3-4 мамыр – әдеттегі демалыс күндері (сенбі-жексенбі).

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:

28, 29, 30 сәуір – жұмыс күндері;

1 мамыр – демалыс;

2-3 мамыр – жұмыс күндері;

4 мамыр – демалыс.

7 және 9 мамыр күндері қалай демаламыз

Мамыр айының алғашқы екі аптасы ерекше мазмұнды болады. Аптаның ортасында Отан қорғаушылар күні, ал аптаның соңында – Жеңіс күні тойланады.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:

5-6 мамыр – жұмыс күндері;

7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс;

8 мамыр (бейсенбі) – жұмыс күні;

9 мамыр (жұма) – демалыс;

10-11 мамыр – әдеттегі демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:

5-6 мамыр – жұмыс күндері;

7 мамыр – демалыс;

8 мамыр – жұмыс күні;

9 мамыр – демалыс;

10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні;

11 мамыр – демалыс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерінің ауыстырылмайтынын хабарлады.

2025 жылдың мамыр айында қанша күн демаламыз

Бес күндік жұмыс аптасында – 12 демалыс күні (мерекелерді қосқанда), 19 жұмыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында – 8 демалыс күні, 23 жұмыс күні.

Мамыр айындағы кәсіби мерекелер

Мамыр кәсіби және салалық мерекелерге де бай. Олар ресми демалыс күндері болмаса да, түрлі салаларда атап өтіледі:

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;

20 мамыр – Метрология қызметкерлері күні;

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;

Мамырдың соңғы жексенбісі (25 мамыр) – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні.

Өзгелердің жаңалығы