Бескүндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерді 6 демалыс пен 25 жұмыс күні күтіп тұр.
2023 жылдың оныншы айында Республика күні бір күн демалады.
Сондай-ақ демалыс берілмейтін бірқатар мереке бар. Атап айтқанда:
• 1 қазан - Қарттар күні мен Радио күні;
• 5 қазан - Мұғалімдер күні;
• 6 қазан - Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
• 10 қазан - Қазақстан кәсіподақ күні;
• 16 қазан - Нан күні;
• 19 қазан - Құтқарушылар күні;
• 25 қазан – Республика күні
• қазанның үшінші жексенбісі - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні;
• 29 қазан - Күзет ұйымдары қызметкерлері күні;
• қазанның соңғы жексенбісі - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні.