2023 жылдың алғашқы демалысы жексенбіден бастап 3 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандықтар 4, 5 және 6 қаңтарда жұмыс істейді. 7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді және бұл жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.
Айта кетейік, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 31 желтоқсан және 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар күндері демалады.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар болады.