Сонымен келер 2023 жыл жексенбіде басталады да, демалыс 3 қаңтарға дейін жалғасады. Алдағы үш күн – 4, 5, 6 қаңтар жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылы 7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді. Сол себепті демалыс күні ауыстырылмайды.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 31 желтоқсан және 1, 2, 3, 7, 8 қаңтарда демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 3, 7, 8 қаңтарда демалатын болады.