Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург

22 Қаңтар 2024, 09:53
7499
Бөлісу:
Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Елімізде нейрохирургия саласы қарқынды дамып келеді. Жас мамандардың біліктілігі артып, науқастардың денсаулығы да жақсарып келеді. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Шаяхмет Маханбетханмен әңгімелескен еді.

Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург

- Нейрохирург болуға не себеп болды? 

Нейрохирургия саласы өзінің көп қырлығымен мені қызықтырды. Мидың әлі ашылмаған, зерттелмеген бөлігі көп. Нейрохирургия саласын таңдағаныма еш өкінген емеспін. Қарап отырсам, осы салада жүргеніме 4 жылдан астам уақыт өтіпті. Әлі күнге дейін жаңа нарсені үйренудемін. Жылына 100-ден аса ота жасайды екенмін. Жалпы, біздің бөлімшеде жыл сайын мың жарымнан астам ота жасалады. Нейрохирургтер жасайтын отасына қарай іштей бөлінеді. Бірі ми ісігімен, екіншісі жалпы жарақаттармен, үшіншісі тамырмен, төртіншісі омыртқа жарақаттарымен айналысады. Ал мен көбінесе микрохирургиямен айналысамын. Оның ішінде микрохирургия және эндоскопия деп бөлінеді. Эндоскопия арқылы белдің омыртқа жарықтарына камера арқылы ештеңені кеспей-ақ, ота жасаймыз. Сондай-ақ мұрын арқылы басты кесуді қажет етпейтін оталар жасалады.

Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург

- Жылына 100-ден аса ота жасаймын дедіңіз. Осы ретте күнделікті жұмыс уақыты қалай өтетінін айтып бере аласыз ба? 

Жұмыс уақыты сағат 8.00-де басталады. Кейде сол уақытта ота жасау басталып та кетеді. Ол бір сағаттан он сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сол себептен таңғы сағат 04.00-ге дейін жұмыста жүретін кездер болады. Себебі науқас ауырып, жағдайы қиын болып тұрса, уақытым болды деп кетіп қала алмайсың. Жұмысты соңына дейін бітіріп кету керек. Орта есеппен күніне 2-6 ота жасаймыз. Олар әртүрлі деңгейде болып келеді. Егер ісік өте үлкен, жағдайы ауыр науқас болса, бір күнді соған арнаймыз. Бұл отаға команда болып қатысамыз. 2-3-тен астам нейрохирург жұмыс атқарады. Біздің жұмысымызда 10 сағаттан 12 сағатқа созылған ота болды. Жас болғандықтан, соңына дейін тұрып жұмыс істеп, шаршамай, арасында су ішіп, ауызға кәмпит салып, әрі қарай отаны жалғастыруға тура келді. Ота сәтті өтсін деп кейде құран сүрелерін қосамыз. Біздің қолымыздан келгенмен, Алла өз жеңілдігін береді ғой. Кейде отаны сәтті жасап шығу үшін барыңды салып, ұзақ уақыт күш жұмсайсың. Бірақ сондай кезде адамның беті бері қарамай кетеді. Қанша күш-жігеріңді жұмсасаң да, адамның тағдыры солай аяқталып жатады. Дегенмен бізге келіп жатқан адамдардың ауруының алдын алуға болады. Ол үшін аурудың алғашқы белгілері білінгенде қаралып, КТ түсу керек. 

Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург

- Расымен, елімізде ауруға салғырт қарап, соңында айықпас дертке шалдыққандар көп. Бұған не дейсіз? 

Науқастар қан қысымына аса қатты назар аудармайды. Алдын ала профилактикалық тексерістен өтіп тұрмайды. Уақытылы дәрісін ішпейді. Асқынған кезде, дәрігерге келіп шағымданады. Кейде жылдар бойы жұлын ауруы, грыжамен ауырып, әбден асқындырып келеді де, бір аптада жазылып кетемін деп ойлайды. Біз салған 1-2 системамен асқынған ауруды емдеу мүмкін емес. Сол себептен ауруды емдеп жазу үшін екі тараптан да күресу керек. Науқастар да өз денсаулығына баса назар аударуы қажет. Осыдан адамдардың арасында дәрігерлерге сенбеушілік туындайды. Біздің елде аурудың алдын алуға болады деуімнің бір себебі - өзге елдердегідей туабітті ауру көп емес. Өзге елдерде ауру туа пайда болады, ондай кеселді емдеу өте қиын, тіпті мүмкін болмайды. Ал бізде ауруды өзіміз тауып алып, емделмей, уақытты өткізіп аламыз. Сол үшін аурумен өмір сүріп, оны бір айдың ішінде жазып аламын деген қате түсініктен арылу керек. 

Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург

- Жұмыс кестесі тұрақты емес, бойыңыздан стресс, шаршау сезіле ме?

Адам өз ісіне қатты берілгенде, шаршауды жұмыстың соңында ғана сезінеді екен. Дәл сол секілді нейрохирургияға беріліп кеткенім соншалық, тұрақсыз жұмыс кестесіне де назар аудармаймын. Себебі өз ісімді сүйемін. Мәселен, ертең екі ота жасалады десе, бар ниетімді соған бағыттаймын. Ең басты міндет - отаны сәтті аяқтап, науқасты аман алып шығу. Ота кезінде де жұмысты жақсы істеуге барыңды саласың. Мүмкін жас болғандықтан шығар, шаршағанымыз білінбейді. Дегенмен нейрохируг болу үшін өз ісіңнің фанаты болу керектігін ұғындым. 

Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург

- Елімізде нейрохирургтердің жетіспеушілігі сезіледі. Бұл жайлы не дейсіз? 

Бұл сұраққа жауап беру қиын. Себебі тұрғылықты жердегі адамдардың санына қарай дәрігерлер бөлінеді. Дегенмен нейрохируртер еліміздің ауыл-аймағында тапшы екендігін білеміз. Содан да болар, халық бас ауруына салғырт қарайды. Сол себептен бұл жерлерге тәжірибесі бар, білікті нейрохиругтерді тарту керек секілді. Сондай-ақ телемедицинаны дамыту керек. Ол арқылы қаладағы білікті мамандардың көмегімен аурудың маңызды тұстарын талқылап, шешім табуға болады. 

Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург

- Инсульттің алдын алу мүмкін емес деп айтып жатады. Бұған не дейсіз? 

Инсульт кезінде инсульттің алдын алу қиын. Себебі ол болып қойғаннан кейін жақсы емделіп кете алмайды. Дененің бір бөлігі жұмыс істемей, сал болып қалады. Инсульт айтып келмейді, кейбіреулер оны анықтау мүмкін емес дейді. Дегенмен инсульттің өзінің белгілері бар. 40-тан асқаннан кейін адамдарда инсульт соғу қаупі жоғары. 
Еш себепсіз адамдардың қан қысымы көтеріліп кете беретін болады. Дәріні еш себепсіз іше береді, соңы инсультке алып келеді. Өкінішке қарай, науқас бірінші кезекте не істеуі керек дегеннің нақты алгоритмі жоқ. Мұндай жағдайда зерттеу жүргізуге болады, КТ, УДЗ арқылы тексергенде тамыр тарылған болса, сол жерге стент қосып, арасын ажыратсақ инсульттің болу қаупі азаяды. Дегенмен барлығына олай жасай алмаймыз. Тек бас ауруынан болмайды. Өйткені бас ауруының 40-қа жуық себебі бар. Ол острехондроздан болуы мүмкін. Егер адамның бір қол, бір аяғы әлсіздене бастаса, тексеруден өткізіп, мидағы тамырдың жарылайын деп тұрған жерін алдын ала бітеп қою керек. 

Қазақстандықтар денсаулығына салғырт қарайды - нейрохирург

- Адам баласы ауырмау үшін не істеу керек? Қандай кеңес бересіз? 

Әрбір адам дұрыс тамақтану мен спортпен айналысуды қолға алса, барлық аурудан ада болады. Дұрыс тамақтана білу де - денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам пайдаланатын тағам әртүрлі әрі қуаты мол, нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті, жануартекті азық-түлік өнімдері болуы шарт. Спортпен шұғылдану мидағы алмасу процесіне оң ықпал етеді, соның арқасында мидың жұмыс істеуі артады. Ал спортпен үнемі айналысу проблемалардан алшақтатып, күйзелістен құтқарады. Спорттық жүктеменің әсері бұлшық еттегі қан алмасу мен жүйке жүйесіндегі реттеу қызметін жақсартады. Бұлар өз кезегінде бұлшықеттің салмағын арттырады. Спортпен дұрыс шұғылдану адамның иммунитетін күшейтіп, дерттерге қарсы тұруға көмегін тигізеді.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы