Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда нан мен жарма, балық пен теңіз және май мен тоңмайдан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.
Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Атырау, Ақмола, Жетісу облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды.
2023 жылы халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша айына орташа алғанда тұтынуы:
картоп – 3,7 кг
нан, І сұрып – 2,4 кг
сиыр еті – 2,1 кг
алма – 1,6 кг
құмшекер – 1,5 кг
күріш – 1,3 кг
сүт – 1,1 л
айран – 1 л
жұмыртқа – 16,8 дана
макарон – 0,9 кг
жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
қара шай – 0,1 кг
Анықтама: Азық-түлік өнімдерін тұтынуы бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.