Қазақстандық зілтемірші Ислам ойындарының рекордын орнатып, чемпион атанды

Қазақстандық зілтемірші Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

16 Тамыз 2022 2022, 11:40
АВТОР
 16 Тамыз 2022 2022, 11:40
16 Тамыз 2022 2022, 11:40
1219

Қазақстандық зілтемірші Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

А.Муптилда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116 кг, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада жарыс жеңімпазы атанды.

Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук дәл осы салмақта серпе көтеруден 114 кг, жұлқа көтеруден 147 кг, жалпы есепте 261 келімен күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, А.Муптилда үш алтын, Л.Ковальчук үш күміс медальді еншіледі.

Наверх