Қазақстандық журналиске жасалған қастандық: Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады

21 Маусым 2024, 14:17
464
Бөлісу:
Қазақстандық журналиске жасалған қастандық: Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.

Еске салсақ, президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл іс Президенттің бақылауында екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы