Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
Надежда Дубовицкая жарыс қорытындысы бойынша 1 метр 98 см нәтиже көрсетті. Осылайша ол биіктікке секіруден әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Бірінші орынды Ярослав Магучий (Украина) жеңіп алды. Екінші орынға австралиялық Элеонора Паттерсон жайғасты.
Дубовицкаяның медалі – биіктікке секіруден Қазақстанның соңғы он жылдағы алғашқы жүлдесі.
Ол сегіз елдің спортшыларын басып озды, сонымен қатар жабық кешендегі Азия рекордын қайталады.