Қазақстандық жасыл стартап Ozen-M Венада UNIDO конкурсында 2-ші орын алды

10 Маусым 2024, 20:51
322
Бөлісу:
Қазақстандық жасыл стартап Ozen-M Венада UNIDO конкурсында 2-ші орын алды
PHOTO
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

6 маусымда Австрияда Венақаласында өткен Cleantech Days 2024 жаһандық форумы аясында жасыл жобалар байқауы өтті, онда қазақстандық стартап - Ozen-M әлемнің түкпір-түкпірінен келген 22 команда ішінде 2-ші орынды иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдеуінше,  Қазақстан ұсынған екінші жоба Re-Compo ТОП-6 финалшылар тізіміне кірді.

Ozen-M – нақты уақыт режимінде өзендер мен көлдердің жағдайын бақылауға арналған интерактивті картасы бар веб-қосымшасы. Әзірлеме пайдаланушыларға су ресурстарын тиімді басқару мақсатында негізгі өзеннің және оның салаларының ағынын, сондай-ақ өзен бассейніндегі негізгі гидротехникалық құрылыстардың орналасуын схемалық түрде көруге мүмкіндік береді.

Қазақстандық жасыл стартап Ozen-M Венада UNIDO конкурсында 2-ші орын алды

Айгерім Нұрмағамбетова, Ozen-M тең негізін қалаушысы былай деді: «Бізге, әсіресе GCIP Kazakhstan-ға сенгеніңіз үшін көп рахмет, оның қолдауы біздің жобамыз үшін өте құнды болды. Біз бақылау платформасының бөлігі ретінде үлкен деректермен жұмыс істеп жатырмыз және деректер - жаңа мұнай екенін айтуымыз керек. Бағалы әрі көп ізденуді қажет етеді».

Re-Compo финалшысы шырындар мен сүттен жасалған аралас қаптаманы экологиялық таза құрылыс материалдарына, стандартты ОСБ, МДФ және т. б. панельдеріне балама бола алатын қайта өңдеу жобасын ұсынды.

Cleantech Days - UNIDO-ның жаһандық іс-шарасы, оған әлемнің жан-жағынан келген GCIP бағдарламасының финалшылары қатысты. Қазақстан финалға бірнеше стартап шығарған жалғыз ел болды. Елімізден барлығы 4 жоба қатысты, олардың барлығы GCIP Kazakhstan 2023 акселерациясының түлектері және 3 млн. теңге көлеміндегі гранттардың жеңімпаздары.

Қазақстандық жасыл стартап Ozen-M Венада UNIDO конкурсында 2-ші орын алды

GCIP Kazakhstan - Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNIDO) және Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бастама көтерген, Қазақстанда "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ (ХЖТИЖО) жүргізіп жатқан Экологиялық таза технологиялар және кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету бағдарламасы.

Қазақстандық жасыл стартап Ozen-M Венада UNIDO конкурсында 2-ші орын алды

Биыл қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады. Барлық мүдделі стартаптар мен кәсіпкерлер GCIP ресми сайтында сілтеме бойынша өтініш беруге шақырылады: https://gcip.tech/register/?country=8

Өзгелердің жаңалығы