Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер алғаш рет Азия чемпионы атанды

18 Қыркүйек 2022, 14:07
1422
Бөлісу:

Елордада 12 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия командалық біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық ер балалар (капитаны Сергей Квак) финалда Таиланд құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Чемпиондыққа талас соңғы жұптық бәсекеде шешілді. Роберт Каминский мен Гиорги Брегвадзе Дарма Антаратон - Три Срисеннен басым түсті - 7:5, 6:3.

Осылайша, қазақстандық ұлдар өз тарихында алғаш рет чемпиондық тұғырға көтерілді. Қыздар құрамасы финалда Таиланд құрамасына жол берді - 0:3.

Осыған дейін қазақстандық қыздар 2019 және 2021 жылдары чемпион атанса, ұлдар 2019 жылы қола, былтыр күміс жүлдеге ие болған еді.

Өзгелердің жаңалығы