Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстандағы жарыста үздік атанды

30 Мамыр 2022, 20:44
953
Бөлісу:
Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстандағы жарыста үздік атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 

Қазақстандықтар Ерасыл Ерділда мен Варвара Алексеева жекелей сында осындай деңгейдегі жарыстағы алғашқы титулына қол жеткізді. 

Е.Ерділда финалда өзбекстандық Артур Ибрагимовті 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

В.Алексеева соңғы бәсекеде тағы бір қазақстандық Ульяна Романованы сүріндірді - 6:2, 6:4. Жұптық сында қазақстандықтар Данир Қалдыбеков пен Олег Гусаков финалға дейін жетіп, өзбекстандықтар Бобур Мадаминов - Артур Ибрагимовқа есе жіберді - 4:6, 2:6. 

Қыздар арасында Анастасия Крымкова мен Сәтима Төреген финалда қырғызстандық Владислава Андреевская - ресейлік Устина Лекометоваға жол берді - 5:7, 3:6. Бұл 13 жасар Сәтима үшін ITF турнирлеріндегі бірінші финалы еді.

Өзгелердің жаңалығы