Қазақстандық жанкүйерлер Латвияда 800 шаршы метрлік ту жайды

Қазақстандық жанкүйерлер ел құрамасына қолдау көрсету мақсатында Ригада өтіп жатқан хоккейден ӘЧ-2023-те үлкен туды жайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 Мамыр 2023 2023, 12:30
АВТОР
 International Ice Hockey Federation 14 Мамыр 2023 2023, 12:30
14 Мамыр 2023 2023, 12:30
1322
Фото: International Ice Hockey Federation

Қазақстандық жанкүйерлер ел құрамасына қолдау көрсету мақсатында Ригада өтіп жатқан хоккейден ӘЧ-2023-те үлкен туды жайды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жексенбі, 14 мамырда Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Чехия командасымен ойнайды. Матчты тікелей эфирден «Qazsport» арнасы Астана уақытымен 23:20-да көрсетеді.

Жанкүйерлер команданы қолдауға келіп, өздерімен бірге 800 шаршы метрлік Қазақстан туын әкелген.

Қазақстан – әлемдегі ең үлкен елдердің бірі. Мәдениеті де бай. Біз мультимәдениетті елміз және оны бүкіл әлемге көрсеткіміз келеді. Өзіміздегі Қазақстанның ең үлкен туын жайып, ұлттық құрама мен оның жанкүйерлерін қолдамақшымыз, - деді ұйымдастырушы Думан Қожахмет.

Сенбіде Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында бірінші матч өткізіп, Норвегияны жеңді.

Наверх