Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Азиадасында алтын алды

27 Қазан 2025, 00:50
374
Бөлісу:
 Ұлттық олимпиадалық комитет
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Финалда отандастарымыз Таиланд командасынан басым түсті.

Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш шешуші кездесуде 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіске жетті, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетері, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлде иеленген болатын. Үшінші орын үшін өткен матчта Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет Малайзия құрамасына қарсы ойнады. Қазақстандықтар қарсыластарын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы