Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымдық жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті.
Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісінде.
Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шықты.
Айта кетейік, былтыр осы уақытта Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.