Қазақстандық үш теннисші халықаралық рейтингіде көш бастап тұр

<p>Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.</p>

6 Желтоқсан 2022 2022, 17:28
АВТОР
 6 Желтоқсан 2022 2022, 17:28
6 Желтоқсан 2022 2022, 17:28
1048

Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтайды. Үздік ондыққа сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-орын), астаналық Ариана Гогулина (8-орын) кірді.

Ал 16 жасқа дейінгілер арасында алматылық Сафина Сафиуллина мен елордалық Темірлан Кәрім көш бастап келеді. Қыздардан алматылық Данайя Аманғажиева алтыншы, Полина Слепцова жетінші, Айя Нұпбай оныншы орынға жайғасты. Бозбалалардан астаналық Вячеслав Куфельд үшінші, алматылық Тихон Сорокин сегізінші орында тұр.

 

Наверх