Британ делегациясының басшысы, Премьер-министрдің сауда уәкілі Баронесса Николсон «Қазақстанның ең мықты жоғары оқу орындарының бірі КАЗГЮУ-дың QAA-мен бұл келісімі өте маңызды» деп ерекше атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
QAA аккредитациясы қазақстандық жоғары оқу орындарының британдық сапа стандарттарына сәйкес келуінде маңызды көрсеткіші, - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Бүгін Лондонда Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысының шеңберінде М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев QAA британдық аккредитациялық агенттіктің Халықаралық және кәсіби қызметтер бойынша директоры Эдуардо Рамоспен жоғары білім саласындағы сапаны бағалау бойынша халықаралық келісімге қол қойды.
Бұған дейін Университет FIBАА еуропалық тәуелсіз агенттіктің институционалдық аккредитациясын алған болатын.
Бұл серіктестік британ (халықаралық) сапа белгісін алуға негіз болады, - деді Талғат Нәрікбаев.
Біріккен Корольдікке сапар барысында КАЗГЮУ делегациясының Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығы, Кембридж Университетінің құқық факультеті, білім беру саласындағы ынтымақтастық құрылымы (Cambridge Education Partnership), және басқа да британдық оқу орындары басшылығымен нысанды кездесулері жоспарланған.
М.Нәрікбаев атындағы Университетінде қазіргі таңда 5000-нан астам қазақстандық және шетелдік студенттер халықаралық рейтінгтік агенттіктердің бағасын алған 40-қа жуық оқу бағдарламасында оқиды. Жоғарғы оқу орнының оқытушы-профессорлық құрамында әлемнің жетекші университеттерінің түлектері, Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің танымал ғалымдары мен жас зерттеушілері бар.