Қазақстандық төрт мерген Әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынайды

Бүгiн, 01:25
284
Бөлісу:
Қазақстандық төрт мерген Әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынайды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Делиде (Үндістан) спорттық атудан Әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.

Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.

Айта кетелік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.

Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ.Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы