Қазақстандық теннисшілер Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуін тәжікстандық Фируз Мухидиновпен өткізді.Есеп 0:3 болған кезде тәжікстандық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Денис Евсеев Шығыс Тимор өкілі Агапито Феррейраны ойсырата ұтты – 6:0, 6:0.
Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев жұптық сында 23 минутта тәжікстандықтар Бахтиер Исроилов – Собир Саидовқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.
Григорий Ломакин мен Дмитрий Попко қатарлықтар Исса Шанан Альхарраси – Рашед Наифты тізе бүктірді – 7:6, 6:2.
Гөзал Айнитдинова ғана индонезиялық Джанис Тьенге есе жіберді – 1:6, 2:6.