Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

11 Қазан 2025, 10:15
468
Бөлісу:
 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Данилина мен Крунич дуэті канадалық Бьянка Андрееску мен қытайлық Юэ Юаньды 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.

Финалға шығу үшін олар германиялық және венгриялық теннисшілер — Лаура Зигемунд пен Фанни Штоллармен кездеседі.

Уханьдағы турнир 6–12 қазан аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 3,65 миллион доллар.

Өзгелердің жаңалығы