Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің финалында ойнады

Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) ITF сериясы турнирінде жұптық сындағы финалдық кездесу аяқталды. Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин бас жүлде үшін матч өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 Желтоқсан 2023 2023, 23:26
АВТОР
 ktf.kz 3 Желтоқсан 2023 2023, 23:26
3 Желтоқсан 2023 2023, 23:26
849
Фото: ktf.kz

Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) ITF сериясы турнирінде жұптық сындағы финалдық кездесу аяқталды. Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин бас жүлде үшін матч өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Григорий Ломакин ресейлік спортшы Евгений Филипповпен бірге ұлыбританиялық Бен Джонс/Дэвид Стивенс дуэтімен өткен тартысты айқаста 6:7 (5:7), 6:7 (2:7) есебімен жеңіліп қалды.

Ломакин Мысырда өткен турнирдің жекелей сынында бірінші айналымнан аса алмады.

25 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік ATP жұптық рейтингінде 304-орында, ал ресейлік теннисші 592-орында тұр.

Наверх