Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық теннисші Ирандағы жарыстың жеңімпазы атанды

17 Маусым 2023, 22:08
1074
Бөлісу:

Қазақстандық Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Г. Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Г. Ломакин жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда ресейлік Денис Клокқа есе жіберді – 1:6, 2:6.

Григорий Ломакин жұптық сында ATP Live рейтингісінде 247-ден 246-орынға көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы